Литвада темекі контрабандашылары ұсталды
БРЮССЕЛЬ. 11 сәуір. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Литвада 9 контрабандашы тұтқындалып, олардан 70 миллионға жуық темекі тәркіленді. Бұл туралы Алаяқтық әрекеттермен күрес жөніндегі еуропалық бюроның (OLAF) баспасөз қызметінен қабарлады.
Литва, Польша және Германия құқық қорғау органдары бұл операцияны еуропалық бюроның басшылығымен жүзеге асырды.
Контрабандашылар қазір Литва сотында істің қаралуын күтіп жатыр. Барлық тәркіленген темекілер Ресейден және Украинадан заңсыз шығарылған болып шықты. Операцияның нәтижесінде 6 миллионнан астам еуро шығынының алды алынды.
Алаяқтық әрекеттермен күрес жөніндегі еуропалық бюроның ақпараты бойынша, темекі контрабандасынан Еуроодақ елдері жыл сайын 10 миллион еуроның шығынын көреді екен.