Литвада зейнет жасы 65-ке дейін ұлғайтылды
АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Литва заң шығарушылары 9 маусымда зейнет жасын 65-ке дейін ұлғайтуды көздейтін заң жобасын қабылдады, деп хабарлады РБК агенттігі.
Қазіргі кезде Литвада әйелдер 60 жастан, ерлер 62,5 жастан зейнетке шығады. Енді әйелдер мен ерлердің зейнет жасы теңесетін болады. Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан күшіне енеді.
Зейнет жасын ұлғайту бірте-бірте жүргізіледі: әйелдер үшін жылына төрт айға, ерлерге - екі айға ұзартылады. Ал 2026 жылы ерлер мен әйелдер арасындағы зейнетке шығу мерзімі теңесіп, 65 жасқа жетеді.