Литваға маймыл шешегіне қарсы вакцинаның 1,4 мың дозасы жеткізілді
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтерінше , препарат вирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдарды вакциналау үшін қолданылады.
Литвада маймыл шешегін бес адам жұқтырған. Олардың барлығы фирусты шетелде жұқтырған.
Жапония билігі коронавирус пандемиясына байланысты әлемнің бірқатар еліне сапарлар туралы ұсыныстарды жеңілдетті.
Шешім жалпы 55 елге қатысты, оның ішінде Әзербайжан, Армения, Индонезия, Польша, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Филиппин, Чехия бар. Егер бұған дейін Жапония Сыртқы істер министрлігі оларға қатысты «міндетті емес сапарлардан бас тартуды» ұсынса, енді бұл ұсыным қолданылмайды.
Сонымен қатар, 24 тамыздан бастап Жапония тұрғындары үшін 41 елге, оның ішінде Болгария, Қырғызстан, Ямайка және т.б. ковид жағдайына байланысты «сапарларды тоқтата тұру» туралы ұйғарымдардың күші жойылды.
Сонымен бірге, ел билігі шетелге сапар шегуді жоспарлап отырғандарға COVID-19 инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін толық вакцинациядан өтуге кеңес берді.
Словения азаматтарының ішінде 58%-ы коронавирус инфекциясынан толық емделді.
24 тамыздағы жағдай бойынша Словенияның 1 222 695 азаматы (халықтың 58%) коронавирусқа толық егілді, 1 266 239 тұрғын (азаматтардың 60%) ковид вакциналарының бір дозасымен егілді.
Елдің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау институты Словения дәрігерлері пандемия кезінде коронавирус инфекциясының 1 038 719 жағдайы тіркегенін хабарлады, бұл республика халқының 49,3% құрайды.
Фото: avatars.mds.yandex.net