Литваның ауыл шаруашылығы министрі Қазақ ұлттық аграрлық университетінде болды

АЛМАТЫ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Литва Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Казис Старкявичус бастаған делегация Қазақ ұлттық аграрлық университетінде болды,

Литваның ауыл шаруашылығы министрі  Қазақ ұлттық аграрлық университетінде болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Осында ұйымдастырылған кездесу барысында Казис Старкявичус Литваның ауыл шаруашылығы саласының тыныс-тіршілігімен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді, өз тәжірибесін ортаға салды. «Ғылым мен техниканы дамытпай, ауыл шаруашылығын өркендету мүмкін емес. Қазір Литвада жаңа технологияны пайдалану арқылы әр сиырдан жылына 15 мың литрге дейін сүт алынады», - деді Казис Старкявичус. Ол Қазақстан мен Литваның ауыл шаруашылығы саласында бірлесе атқаратын жұмыстары көп екендігіне тоқталып өтті.Оның айтуынша, Литвада ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау артып отыр. Мәселен, фермерлерге литпен - 8, еуромен 5 пайыз көлемінде несие беріледі. Сондай-ақ әр фермерге көлемі 100 гектардан аз емес жер бөлінеді.