Ливан балалары Газа секторындағы соғысқа қарсы наразылық шарасын өткізді

БЕЙРУТ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат - 6-12 жастың аралығындағы ливандық балалар сейсенбі күні Бейрутта Газа секторында осымен 11-күнге жалғасып отырған Израильдің әскери операцияларына қарсы наразылық акциясын өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Бірнеше мыңдаған бала қатысқан шара Бейруттың орталығындағы БҰҰ штаб-пәтеріның жанында өтті. Көптеген кішкентай шерушілер қолдарына Израильдің Газа секторындағы шабуылдарының салдарынан мерт болған палестиналық балалардың фотосуреттерін ұстап шықты. Наразылық шеруіне қатысушылар Газадағы қантөгісті тоқтату туралы ұйымның бас хатшысы Пан Ги Мунға жолдаған үндеулерін БҰҰ өкілдеріне табыс етті.
Соңғы жаңалықтар