Ливан президенті: Израильмен диалог әлсіздіктің белгісі емес

АСТАНА.KAZINFORM — Джозеф Аун Израильмен жүргізіліп жатқан келіссөздер елдің өз құқықтарынан бас тартуын білдірмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы БЕЛТА жазды.

Израильмен диалог әлсіздіктің белгісі емес
Фото: AP

— Бұл келіссөздер әлсіздіктің белгісі де, шегіну де, ымыраға келу де емес, — деп атап өтті ол. Оның айтуынша, келіссөздер қандай да бір құқықтардан бас тартуды білдірмейді.

Ливан басшысының сөзінше, ел қазір атысты тоқтату бойынша жұмыстан тұрақты келісімдерге көшу кезеңіне аяқ басты. Бұл келісімдер халықтың құқықтарын, аумақтың тұтастығын және мемлекеттің егемендігін сақтауға бағытталады.

— Біз соңғы жарты ғасырда алғаш рет Ливанның өз бетінше шешім қабылдау және келіссөздер жүргізу құқығын қайтардық, — деді президент.

17 сәуір күні сағат 00:00–де Ливан аумағында Израильмен 10 күндік бітім күшіне енді. Бұл келісімге Джозеф Аун мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Дональд Трамптің делдалдығымен қол жеткізген.

Аталған уақытша бітім тараптар арасындағы ұзақ мерзімді келісімге жол ашатын алғашқы қадам ретінде қарастырылып отыр.

Ал әлем басшылары Израиль мен Ливан арасындағы бітімге қалай үн қатты? Kazinform агенттігінің тілшісі негізгі мәлімдемелерге шолу жасаған болатын, мына сілтемеден оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар