Ливан СІМ басшысы Сирияны Араб елдері лигасы мүшелігіне қайта қабылдауды сұрап отыр

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Ливан Сыртқы істер министрі Аднан Мансур Каирде сәрсенбі күні өткен Араб елдері лигасының (АЕЛ) мәжілісінде осы ұйымның құрамындағы Сирияның мүшелігін қалпына келтіруге шақырды. Бұл жайында Франс Пресс агенттігі хабар таратты.
None
None

muslim.kz сайтының жазуынша, азаматтық соғыс өрті шарпыған Сирия 2011 жылы осы ұйымның қатарынан шығып қалған болатын. Министрдің сөзіне қарағанда, араб елдері Сириядағы жағдайды шеше алмаған. Сол себепті, Сирия ұйымға қайтып оралуы керек.

Бұрын АЕЛ мүшелері «Башар Асад билік басында тұрған кезде Сирия ұйым қызметіне араласа алмайды», деп мәлімдеген еді. Бұған қоса, Лига Сирияның оппозициясын ел атынан сөйлейтін «заңды өкіл» ретінде мойындаған болатын.

Соңғы жаңалықтар