Ливан: Триполидегі жарылыстан 20-дан астам адам мерт болды
АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Ливанның Триполи қаласындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 27 астамға жетті, 358 адам жарақаттанған. Бұл туралы Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігі Ливанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
Агенттік ақпаратына қарағанда, бүгін Триполиде 2 жарылыс орын алған. Лаңкестік әрекет мешіт тұсында жұма намазынан кейін болған. Әзірше бұл жарылыстарды ешқандай ұйым өз мойына ала қойған жоқ.