Ливан тұрғындарының 25%-ын сириялық босқындар құрайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 миллион адам Сириядағы дағдарыс кесірінен үйлерін тастап, босып кетті. Бұл туралы Италияда іссапарымен жүрген БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун хабарлады, деп жазады 24.kz.
None
None

Дағдарыс пен соғыстан қашқан жұрттың нөпірінен әсіресе көршілес Ливан, Иордания, Түркия мен Ирак аса қатты зардап шегуде. Бүгінде Ливан тұрғындарының төрттен бірі - сириялық босқындар.

Айта кетейік, Сирияда 2011 жылдан бері азаматтық соғыс жүріп жатыр. Салдарынан 2 миллион тұрғын шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж. Тағы жарты миллионнан астамы Кәрі құрлық елдерінен саяси баспана сұраған.

Жалпы Еуроодақта мигранттарға қатысты туындаған ахуал Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең күрделі дағдарыстардың біріне айналып отыр. Сол себепті бүгінде әлемдегі 60 миллион адамды босқынға теңеуге болады, - дейді Пан Ги Мун. Фото: world.lb.ua

Соңғы жаңалықтар