Ливанда Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 4 387 адамға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Ливанда 2 наурыздан бері жалғасып жатқан әскери қақтығыстар салдарынан 4 387 адам қаза тауып, 12 424 адам жарақат алды, деп хабарлайды ТАСС елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Израиль нанес новые удары по югу Ливана, несмотря на действующее перемирие
Фото: aa.com.tr

Ведомствоның мәліметінше, соңғы тәулікте Ливанның оңтүстігінде Израиль әскерінің «Хезболла» ұйымына қарсы операциялары барысында кемінде бір адам қаза тапқан.

– 2 наурызда әскери қақтығыстар күшейгелі бері қаза тапқан азаматтардың жалпы саны 4 387 адамға жетті. Ал жараланғандар саны 12 424-ке дейін өсті, – делінген Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің X әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде.

Министрлік мәліметінше, жексенбі күні түстен кейін Израиль әскери-әуе күштері Набатия провинциясындағы Кфар-Тибнит және Таллуса қалаларына әуе соққыларын жасаған.

Сонымен қатар Израиль артиллериясы Бейт-Лиф, Мадждаль-Зун және Ятер елді мекендерінің маңын атқылаған. Бұл шабуылдардың салдары туралы жергілікті билік әзірге ақпарат таратқан жоқ.

Ал Вади-эль-Ханазир ауданында тасталған бомбаның жарылуынан тұрғын үй өртенген.

Оқиға орнына жеткен азаматтық қорғаныс қызметкерлері мен жедел жәрдем мамандары бірнеше адамды құтқарып қалған.

Ливанның оңтүстігіндегі әскери операциялар жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін 21 маусымдағы мәлімет бойынша, Ливанда Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 4 106 адамға, ал жараланғандар саны 12 153 адамға жеткен болатын.