Ливандағы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 2 759 адамға жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің жаңартылған мәліметіне сәйкес, Израиль армиясының 2 наурыздан бері жүргізіп жатқан шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 2 759 адамға жуықтады, деп хабарлайды Анадолы.
Бұл көрсеткіш алдыңғы дерекпен салыстырғанда 32 адамға артқан.
Ведомствоның хабарлауынша, осы кезеңде жараланғандар саны 8 512 адамды құраған. Бұған дейін министрлік 2 727 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын.
2 наурыздан кейін Израиль армиясы Ливан аумағына әуе соққыларын күшейтіп, оңтүстіктегі бірқатар елді мекендерді бақылауға алған.
Ливан үкіметі бұл кезеңде ел ішінде қоныс аударуға мәжбүр болған адамдар саны 1 миллионнан асқанын мәлімдеген.
Ал Дональд Трамп бұған дейін Ливан мен Израиль арасындағы уақытша атысты тоқтату режимі ұзартылғанын хабарлаған.
Осыдан бұрын Түркия Ливандағы азаматтарға 360 тонна гуманитарлық көмек жеткізгені белгілі болды.