Ливандағы жаппай жарылыстардан қаза тапқандар саны 37-ге жетті

БЕЙРУТ. KAZINFORM – Ливанның әртүрлі аймақтарында пейджерлер мен рациялардың жарылысынан қаза тапқандар саны 37 адамға жетті. Бұл туралы Анадолы хабарлады.

Ливан
Фото: aa.com.tr

Ливанның денсаулық сақтау министрі Фирас әл-Эбьяд баспасөз мәслихатында 19 қыркүйек сәрсенбіде рациялар жарылысы салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар санының сәйкесінше 25 және 608-ге жеткенін айтты.

Эбьяд жарақат алған 61 адам реанимацияда жатқанын және олардың жағдайы ауыр екенін атап өтті.

Министр сейсенбі, қыркүйектің 17 сі күні Ливанда «Хезболла» мүшелері пайдаланған пейджерлердің бір мезгілде жарылуынан 12 адамның қаза тапқанын еске салды. Оның айтуынша, бұл шабуыл салдарынан зардап шеккендердің саны 2323 адам болса, оның 1343-і орташа және ауыр жарақат алған.

Сейсенбі күнгі елдегі жарылыстардан зардап шеккендер санының азаюы, кейбірінің бірнеше ауруханаға барып, тіркеуде тұруымен байланысты. Министр жараланғандардың 955-іне ота жасалғанын, олардың 226-сы әлі жансақтау бөлімінде жатқанын айтты.

Эбьяд рациялардың жарылуы пейджерлердің жарылыстарынан гөрі көбірек өлімге әкелгенін атап өтті.

«Хезболла» өз кезегінде Ливанның әртүрлі бөліктеріндегі ICOM рацияларының жарылысынан оның 26 мүшесі қаза тапқанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар