LIVE: Черногория Президенті Яков Милатовичтің Қазақстанға ресми сапары

АСТАНА. KAZINFORM - Елордадағы Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Черногория Президенті Яков Милатовичті қарсы алу рәсімі басталды.

Президенті
Фото: Kazinform

Черногория Президенті Қазақстанға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді. Яков Милатовичтің ресми сапары 18-20 маусым күндеріне жоспарланған. 

Бүгін тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылайды.