LIVE: Кения президенті Уильям Рутоның Қазақстанға мемлекеттік сапары
АСТАНА. KAZINFORM – Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения президенті Уильям Рутоны қарсы алу рәсімі басталды.
Бүгін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады. Сонымен қатар бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Кения басшысы елімізге кеше кешке келген болатын.