LIVE: Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары
АСТАНА. KAZINFORM - Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді қарсы алу рәсімі басталды.
Мемлекет басшылары келіссөз барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.
28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.
29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.
Айта кетейік, кеше елімізге Владимир Путин Астанаға келгенін жазған едік.