LIVE: Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоны Ақордада қарсы алу рәсімі

АСТАНА. KAZINFORM – Jibek joly телеарнасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келген Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоны Ақордада қарсы алу рәсімін тікелей эфирде көрсетіп жатыр. 

LIVE: Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоны Ақордада қарсы алу рәсімі
Фото: Kazinform

Бұған дейін хабарланғанындай, келіссөздер барысында Қазақстан Президенті мен Словакия Үкіметінің басшысы қазақ-словак серіктестігін кеңейту перспективасын талқылайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо
Фото: Ақорда

Айта кетсек, Қазақстан мен Словакияның дипломатиялық қатынастары 1993 жылдың 1 қаңтарында орнады. Дегенмен елшіліктер кейінірек ашылды. 2005 жылы Қазақстанда Словакия Республикасының Елшілігі, 2006 жылы Братиславада Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі бой көтерді.

2009 жылы Чехия мен Словакиядағы Қазақстан Елшілігінің Консулдық бөлімі жұмысын бастады. Осыдан 6 жыл бұрын ғана Словакияда Қазақстан Елшілігі ашылды.

Жалпы, екі тарап көптен бері саяси ынтымақтастыққа бейіл. Екі ел басшылары бірнеше рет мемлекеттік һәм ресми сапарлармен бір-біріне қонақ болып, келіссөздер өткізген. Былтыр қарашада Бакуде өткен COP29 аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Президенті П. Пеллегринимен кездескені есте. Түрлі саладағы қарым-қатынастарды жақсарту мәселесін пысықтау үшін екі ел министрлері де көп сапар жасады.

Парламентаралық ынтымақтастық та белсенді, қазір Қазақстан Парламентінің екі палатасында да Словакиямен ынтымақтастық топтары жұмыс істейді.

Kazinform агенттігінің аналитикалық шолушысы екі ел байланысының көркеюін жан-жақты саралап көрді.

Соңғы жаңалықтар