Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо Қазақстанға ресми сапармен келеді

АСТАНА. KAZINFORM – 10-11 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо елімізге ресми сапармен келеді
Фото: ТАСС

Келіссөздер барысында Қазақстан Президенті мен Словакия Үкіметінің басшысы қазақ-словак серіктестігін кеңейту перспективасын талқылайды.

Айта кетейік, Словакияда оқығысы келетін қазақстандықтарға грант бөлінді.

 

Соңғы жаңалықтар