Словакияда оқығысы келетін қазақстандықтарға грант бөлінді

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Словакия Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға құжаттарды қабылдай бастады. 

колледж
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform 

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Словакия Республикасының Білім министрлігі арасындағы меморандум аясында қазақстандық азаматтарға магистратура мен докторантурада оқудан өту мүмкіндігі ашылды, - делінген халықаралық бағдарламалар орталығының хабарламасында.

Осылайша төрт мемлекеттік грант бөлініп отыр, яғни магистранттарға 2 грант және докторанттарға 2 грант.

Негізгі шарттары:

- Шәкіртақы магистранттар мен докторанттардың оқу сапарларына арналған (оқу мерзімі: 3 айдан 10 айға дейін).

- Шәкіртақы дәреже алу үшін оқудың толық курсын қамтымайды.

- Шәкіртақы келесі шығындарды қамтиды:

- Магистранттар үшін: айына 620 еуро.

- Докторанттар үшін: айына 1025,50 еуро.

Медициналық сақтандыру және жол ақысын үміткер өз есебінен төлейді.

- Словакияда білім словак тілінде (немесе чех тілінде), сонымен қатар ағылшын тілінде жүргізіледі. Словак (чех) тілін білу деңгейі жеткіліксіз болған жағдайда, өтініште ағылшын тілін білу деңгейін көрсету қажет, - дейді орталықтан.

Өтінім 2025 жылғы 5 наурызға дейін қабылданады.

Айта кетсек, жыл басында министрлік «Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ «Болашақ» арқылы дарынды оқушыларды бакалавриатқа қалай түсіруге болатыны туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар