Ливерпульдің тамаша жеңісі мүгедекті аяғынан тік тұрғызды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа чемпионатының ширек финалында Ливерпуль Дортмундтың Боруссия футболшыларын жеңіп, жартылай финалға өтті, деп хабарлады https://ufootball.info.
Еске сала кетейік, Юрген Клопптың жігіттері өз алаңындағы ойынында 4:3 есебімен жеңісті жұлып алды.
Деян Ловреннің жеңісті голынан кейін Қызылдықтардың мүгедек арбасында отырған фанаты ештеңе болмағандай, аяғынан тік тұрып кетті.