Ливитт: Вашингтон Бейжіңге салынатын баж салығын төмендетпейді
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Қытайдан келетін өнімдерге кедендік баж салығын біржақты төмендету ниетті жоқ. Керісінше, Вашингтон Бейжіңнің тарифтерді азайтып, сауда кедергілерін алып тастағанын күтіп отыр. Бұл туралы Fox News арнасына берген сұхбатында Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт мәлімдеді, деп жазады Report.

— Қытайға біржақты тарифтік жеңілдіктер болмайды. Президент Қытайдың АҚШ-пен келісім жасауы қажет екенін түсіндірді. Қытай үшін тарифтердің қандай болатынын президент шешеді, бірақ біз Қытай тарапының тарифтерді төмендеткенін және сауда кедергілерін алып тастағанын көруіміз керек, — деді ол.
Айта кетейік, Қытай АҚШ баж салығын айналып өту үшін өз тауарларын Оңтүстік Корея өнімі ретінде көрсетіп жатқанын жаздық.
Сондай-ақ, Қытай АҚШ-тан сұйытылған табиғи газ сатып алуды тоқтатты.
АҚШ пен Қытай сауда келісіміне 3-4 аптада қол жеткізе алады деген болжам бар.
Қытайдың мұнай өңдеу зауыттары сауда шиеленісі ушығып тұрған шақта АҚШ мұнайын сатып алуды шамамен 90%-ға қысқартып, канадалық шикі мұнайды импорттауға көше бастады.