Ливия әскері тұрғындарға Бенгазидің орталығынан кетуді талап етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливия әскерінің талабы бойынша, тұрғындар дүйсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 12-ге дейін Бенгази қаласының орталығынан шығып кетуі тиіс, бұл эвакуация үшін оларға беріліп отырған соңғы мерзім, деп хабарлады ВВС.
Ливия әскерінің ислам атын жамылған содырларға қарсы әкери іс-қимылдары басталғалы бері қалада 230-дан астам адам қаза тапты.
«Бенгазидегі шайқастар - Муаммар Каддафиді тақтан тайдырып, билік және мұнайдан түскен табыс үшін күрескен тайпалар, саяси топтар арасындағы шиелестің бір бөлігі ғана», делінген мақалада.