Ливия астанасында қақтығыс басталды
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Ливия астанасы Триполи қаласында дүйсенбіге қараған түні, 21 ақпанда Муаммар Каддафи режиміне қарсы топ елдің арнайы қызмет бөлімшелерімен қақтығысты,
деп хабарлайды BBC News.
Кейбір деректер бойынша, қақтығыс Триполидің орталық алаңында және қаланың төрт ауданында болып жатыр. Қалада атылған мылтықтың дауысы естілуде деп хабарлануда, ал полиция көзден жас ағызатын газ бен жауынгерлік оқтарды қолдануда. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. 15 ақпанда басталған наразылық акциясы әлі күнге дейін бірде бір рет ел астанасында өтпеген болатын.
Жексенбі күні ереуілдеушілер жағына ливия армиясының жеке бөлімшесі өте бастады деген хабар шықты.
Италия СІМ басшысы Франко Фраттини ливия билігі конституцияға реформаны қарап шығуға дайын деп мәлімдеді, деп хабарлайды Associated Press.