Ливия басшысы биліктен кетпейтінін айтты

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Ливия басшысы бүгін бүкіл әлемге биліктен кетпейтінін жеткізді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды.

Ливия басшысы биліктен кетпейтінін айтты

"Муаммар Каддафи президент емес, ол - төңкеріс басшысы", - деді Ливия басшысы Триполиде жартылай бұзылған ғимараттың алдында халыққа жасаған үндеуінде. - Каддафи - елге даңқ әкелген бәдеуй төңкерісшісі».

Полковник Каддафи Джамахирияны тастамайтынын айтып, «азап шегуші болып өлетінін» жеткізді.