Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ливия билігі 170 сенегалдық босқынды еліне қайтарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливия билігі ел аумағына заңсыз келген 170 сенегалдық мигрантты Отанына қайтарды, деп хабарлайды 24.kz.

Ливия билігі 170 сенегалдық босқынды еліне қайтарды

Шара жергілікті биліктің заңсыз босқындарды депортациялау бағдарламасының аясында жүргізілді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, олар Ливияға Жерорта теңізі арқылы жеткен. Ал жергілікті билік өткен жылдан бері 1 мыңға жуық келімсекті еліне кері қайтарған.

Бұл істе үкіметке Еуропалық Одақ пен Халықаралық көші-қон ұйымы көмектесіп келеді. Мақсат - Еуропаға ағылған заңсыз босқындармен күресу. Ресми санақ бойынша 2014-2016 жылдар аралығында Жерорта теңізі арқылы кәрі құрлыққа 1 миллион 600 мың мигрант келген.