Ливия билігі сайлау мен реформалар өткізуге дайын

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Ливия билігі сайлау өткізіп, саяси жүйені реформалауға дайын екенін жеткізіп, Муаммар Каддафидің билікте қалуын, не кетуін тек қана халық шешетінін айтты.

Ливия билігі сайлау мен реформалар өткізуге дайын

«Біз кез келген саяси жүйені орнатып, кез келген өзгертулер жасай аламыз: конституцияда, сайлау жүйесінде, бірақ осының бәрін ұйымдастыратын басшы керек. Біз соған сенімдіміз», - деді Ливия үкіметінің ресми өкілі Мусса Ибрагим Ливия мемлекеттік теларнасына берген сұхбатында.

«Ливиялықтардың не істеу керектігіне ақыл беретін сіздер кімсіздер? Тек қана ливиялықтар мемлекет басшысын орында қалуын, не болмаса тақтан тайдыруын шешеді, неге батыс елдері осыны мойындамайды», - деді Ливия үкіметінің ресми өкілі. М.Ибрагим сонымен қатар Триполи Италияның көтерілісшілерді қолдауына өкініш білдіргенін жеткізді.