Ливия Каддафидің ұлын Гаагаға беруден бас тартты
Sky News-тің өз дереккөзі бойынша, жексенбі күні Ливия үкіметінде жақында елдің оңтүстігінде ұсталған Сейф әл-Ислам Каддафидің одан арғы тағдырына қатысты дауыс беру шарасы өтті. Оның қорытындысы бойынша өлтірілген диктатордың ұлын өз отанында соттауға шешім қабылданды.
Бұл шешім Сейф әл-Исламның «ливия халқына қарсы қылмыстарына» орай қабылданды. Халықаралық қылмыстық сот бұдан бұрын Каддафидың ұлын адамзатқа қарсы қылмыстары үшін тұтқынға алуға ордер берген болатын. Халықаралық сот Муаммар Каддафидың өзін тұтқындауға да ордер берген болатын.
Сейф әл-Ислам 19 қараша күні Нигерге қашпақ болған жерде қолға түсті. Ол қазір Зинтан қаласында. Таяудағы уақытта ол Триполиге ілжөнелтілмекші, алайда зинтандық көтерілісшілер Каддафидің ұлын Ливияда жаңа сот жүйесі құрылғанша өздерінде ұстамақ.
Сейф әл-Исламның ұсталғаны туралы хабар белгілі болғаннан кейін Еуропалық одақ ливиялық биліктен оны әділетті соттауды талап етті. Ливия премьер-министрі Әбдел Рахим әл-Киб бұл өтінішті орындауға уәде берді. Бұдан бұрын көтерілісшілер өлтірген Муаммар Каддафидің ұлы Гаагадағы трибуналға берілетініне үмітті болған еді.