Ливия көтерілісшілері әскерінің қолбасшысы оққа ұшты

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Ливияда көтерілісшілер әскерінің қолбасшысы Әбдел Фаттах Юниске қастандық жасалды,

Ливия көтерілісшілері әскерінің  қолбасшысы  оққа  ұшты

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Ливияның Өтпелі ұлттық кеңесі өкілдерінің хабарлауынша, қолбасшыны қаруланған бір топ адам атып өлтірген. Кеңес өкілдері, Ә.Юниске шабуылды ұйымдастырған адамның тұтқынға алынғанын мәлім етті.

Бұған дейін қолбасшыны көтерілісшілердің қауіпсіздік қызметі қамауға алған болатын. Ол Ливия үкіметімен ымыраласып жүр деген күдік келтірілген-ді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, қараған арнайы комиссияның отырысында Ә.Юнистің М.Каддафи режимінің агенті деген айыптау ісі қаралған болатын. Өтпелі ұлттық кеңес өкілдері комиссия мүшелерінің Ә.Юнистен жауап алып үлгермегенін айтып отыр.

Көтерілісшілердің жағына өткенге кейін Ә.Юнис Ливия Ішкі істер министрі болған.