Ливия мен Ирактағы қақтығыс мұнай бағасын қымбаттатуға соқтырды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Таңертеңнен бастап әлемдік нарықта төмендеген мұнай бағасы Ливия мен Ирактағы жалғасып жатқан қақтығыс салдарынан күндіз қайта өсті.
None
None

Бұдан басқа, мұнай нарығының қатысушылары 26 тамызда Минскіде ресейлік-украиндық келіссөздерді күтуде.

Мәскеу уақыты бойынша 14:47-де лондондық ICE Futures биржасында Brent мұнайына Октябрь фьючерсі барреліне 0,25 пайыздан 102,55 долларға дейін қымбаттады. Нью-Йорк тауарлық биржаның (NYMEX) электрондық сауда-саттығында октябрге WTI мұнайына фьючерс белгілеу осы уақытта барреліне 0,16 пайыздан 93, 80 долларға дейін көтерілді, деп хабарлады "Финмаркет".

Ливияда мұнай өндірісі ислам радикалдық тобы Триполи халықаралық әуежайын басып алғанына қарамастан, тәулігіне 656 мың баррелге дейін ұлғайды. Алайда инвесторлар исламшылар белсенділігінің артуына алаңдаулы. "Өткен демалыста Ливиядағы әуежайды басып алу нарыққа ескерту болуы әбден мүмкін", - деп атап өтті Копенгагендегі Saxo Bank шикізат секторының талдаушысы Оле Хансен.

Соңғы жаңалықтар