Ливия өкіметі көтерілісшілерге рақымшылық жариялауға уәде берді

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Ливия армиясы алдағы жексенбіден бастап көтерілісшілерге қарсы операцияларды уақытша тоқтатып,

Ливия    өкіметі   көтерілісшілерге  рақымшылық   жариялауға уәде берді

«оларға қару-жарақтарын тастауға және жарияланып отырған жаппай рақымшылдықты пайдалануға» мүмкіндік бергелі отыр. Бұл туралы Ливияның ДЖАНА агенттігі Ливия қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Қорғаныс министрлігі жексенбі күні сағат 00.00-ден бастап (Мәскеу уақыты бойынша 01.00) қарулы лаңкестік топтарға қарсы әскери операцияларды тоқтатып, оларға қару-жарақтарын тастауға және рақымшылдықты пайдалануға мүмкіндік беру туралы шешім қабылдады», - делінген ведомствоның ресми мәлімдемесінде. Бірақ та өкімет билік жүргізуші режим жариялап отырған бұл мораторийдің қанша уақытқа созылатынын нақтыламаған.