Ливия өкіметтері елден 20-дан астам шетелдік журналистерді шығарып жіберді

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Ливия өкіметтері елден 20-дан астам шетелдік журналистерді шығарып жіберді. Сондай-ақ Каддафи үкіметі БАҚ өкілдеріне арнап жаңа виза бермеу туралы шешім қабылдаған.

Ливия өкіметтері елден 20-дан астам шетелдік журналистерді шығарып жіберді

Бұл туралы «Журналистерді қорғау комитеті» халықаралық ұйымының Ғаламтордағы сайтына сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі жазған.

Комитет мәліметтеріне сүйенсек, Мысыр, Йемен, Ливан және Сирияда да осындай жағдай қалыптасып отыр.