Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ливия парламентінің басшысы елде жалпыға бірдей жұмылдыру жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдің шығысындағы Тобрук қаласында отырыс өткізген халықаралық қоғамдастық таныған Ливия парламентінің (Өкілдер палатасы) басшысы Акила Салех Иса елде жалпыға бірдей жұмылдыру жариялады, деп хабарлады ТАСС Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап.

Ливия парламентінің басшысы елде жалпыға бірдей жұмылдыру жариялады

Оның ақпаратына қарағанда, «ливиялық парламент спикері жалпыға бірдей жұимылдыру жариялады және армия штабының бастығы етіп елдің шығыс аумағындағы әскери комендант генерал Абдерразек ан-Назуриды тағайындады». Ан-Назури комендант болып тағайындалған өңір Ливияның шығысындағы Дерна қаласынан батыстағы Бен-Джавад елді мекнеіне дейінгі аумақты қамтиды. Бұл аумақ елдің шығысындағы мемлекеттің жағалаулық өңірінің жартысына жуығын қамитиды.

Телеарнаның хабарлауынша, Өкілдер палатасының басшысы «елдің уақытша үкіметі мен армиядағы ең жоғары деңгейдегі консультациялардан кейін» осындай шпешім қабылдады.

Ливияда 2011 жылғы ақпанда халық толқуы басталып және одан кейінгі Муаммар Каддафиді құлатуға және өлтіруге әкеп соққан соғыстан кейін  ел қарама-қарсы екі лагерьге бөлінді. Ұзаққа созылған әскери жанжал шарпыған мемлекетте екі үкімет және екі парламент пайда болды: әлемдік қоғамдастық  көзқарасы бойынша заңды Өкілдер палатасы мен Жалпыға бірдей ұлттық конгресс (бұрынғы уақытша парламент), қазір ол Триполиде орналасқан.

Бұдан біраз уақыт бұрын Ливияда Фаиз Сарадж басқарған ұлттық келісім жаңа үкіметі қалыптасты, оны көптеген мемлеекеттер мен халықаралық ұйымдар таныды.