07:37, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Ливия премьер-министріне қастандық жасалды
АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Ливия премьер-министрі Абдель Рахим әл-Кибке қастандық жасалды, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.

Оның салдарынан үкімет басшысы зардап шеккен жоқ, алайда оның делегациясының екі мүшесі қазаға ұшырады, тағы бес адам жараланды.
Премьерді және оның қасына еріп жүрген адамдарды лаңкестер сенбі күні Триполи маңында олар мемлекеттік радиостансаның ғимаратына кіріп келе жатқан кезде оқ жаудырды.