Ливия шариғат заңымен өмір сүруге көшті
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бұдан былай ливиялықтардың барлығы ислам заңдарына бағынатын болады. Елді басқаратын Жалпы ұлттық конгресс басқарушы мемлекеттік мекемелер үшін негізгі заңды құжат ретінде шариғаттың енгізілуін қолдады, деп хабарлады РБК.
«Ислам заңдары бұдан былай Ливияда заң шығарушылықтың негізгі көзіне, ұстанар ұстанымына айналады. Биліктің барлық институттарына осыған бағыну керек», - делінген дауыс беруден кейінгі мәлімдемеде.
Бұл шешімнің қай салада қабылданатыны әлі нақты жазылған жоқ деп хабарланды. Алайда арнайы комитет таяу арада қазіргі заңнаманың шариғат нормаларына сәйкестігін тексере бастайды.
Атап өтейік, Ливиядағы барлық көтерілістер ислам туын көтерумен өтті. Оппозиция өкілдері біраз уақыт бойы демократияны талап етті, алайда жеңістен кейін елде исламға жол берді.
Муаммар Каддафидің кезінде елдегі өмір Құранмен емес, Джамахирия жазған Жасыл кітаппен реттеліп отырды.