21:02, 24 Тамыз 2014 | GMT +5
Ливия жағалауларында 250-ден астам мигранттың ажал құшқаны болжалып отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливия жағалауларында кеме апатынан 250-ден астам мигрант қаза тапқан деп болжанып отыр, деп хабарлайды Reuters.

Жағалау күзеті қызметкерінің айтуына қарағанда, су астынан табылған батып кеткен қайықтың өздері ойлағаннан да үлкенірек болып шықан.
Айта кетейік, су көлігі 22 тамыз күні ел астанасы Триполиден шығысқа қарай батып кеткен. Басым бөлігі сахарадан оңтүстікке қарайғы Африкадан болып табылатын мыңдаған мигранттар соңғы айларда итальяндық жағалауларға жетпек болған. Көптеген қайықтар апатқа ұшыраған. Италия үкіметі осы аптада жағалауға жеткен мигранттардың жалпы саны биылғы жылы 100 мың адамнан асып жығылғанын жеткізді.