Ливия жағалауында 40 мигранттың денесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливия жағалауында 40 мигранттың денесі табылды. Олар мінген кеме Жерорта теңізінде аударылып қалған, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
None
None

Ливиядағы Қызыл Жартыай қоғамының өкілінің айтуына қарағанда, сенбі күні Триполиден шығысқа қарай орналасқан Злитен қаласының маңынан 27 адамның денесі табылған. Қалғаны Триполи мен көршілес Хомс қаласының жағалау маңынан табылған. Босқындардың басым бөлігі Африка елдерінен шыққан. Қазіргі кезде тағы 30 адамның мәйіті іздестіріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, олар аударылып қалған қайықтың ішінде болған.

Соңғы жаңалықтар