05:29, 28 Тамыз 2015 | GMT +5
Ливия жағалауында 500 адам тиелген екі қайық суға батып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливия жағалауында құтқарушылар тобы аударылып қалған екі қайықтағы 500-ге жуық мигрантты құтқару жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, 20 адам судан аман шықты. 100-ге жуық адам табылған жоқ. Болжам бойынша олар, қайықтан шығып үлгермей қалған.
Биыл жыл басынан бері Ливиядан қашып, Италияға қайықпен жүзіп өтпек болған 2 мыңға жуық адам теңізге батып кетті. Осы аптада Австрия билігі Венгриямен арадағы шекарадан 20 мигранттың мүрдесін тапты. Тек, өткен айдың ішінде Еуро одақ шекарасын 107 500 адам кесіп өткен.