Ливия жағалауында қаза тапқан мигранттардың саны 104 адамға дейін жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливияның батыс жағалауында Жерорта теңізінен өтпек болған 100-ден астам босқынның өлі денесі анықталды, деп хабарлайды Associated Press.
Ливиялық әскери-теңіз күштері өкілінің айтуынша, судан 104 адамның денесі шығарылды, алайда олардың саны одан да көп болуы мүмкін.
Аталған типтегі кемеге 125 адамға дейін сыйып кететіні атап өтіледі.
Бұған дейін қаза болған 25 адам туралы хабарланған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жыл басынан бері Жерорта теңізінде 2,5 мыңнан астам мигрант суға батып кеткен.