20:39, 25 Мамыр 2016 | GMT +5
Ливия жағалауында кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливия жағалауында мигранттар мінген кеменің аударылуы салдарынан ең кемі жеті адам ажал құшты, деп хабарлады Би-би-си.

Шамамен 500 адам құтқарылды. Құтқару шарасы жалғасып жатыр, қаза тапқандардың саны ұлғаюы мүмкін.
Батып бара жатқан кемені бірінші болып итальяндық патрульдік "Беттика" катері байқап қалған.
БҰҰ босқындар ісі бойынша Жоғарғы комиссар басқармасының ақпаратынша, ағымдағы жылдың басынан Жерорта теңізінде шамамен 40 мың мигрант құтқарылды. Осы аптаның басынан 5 600-ға жуық адам құтқарылды.
Осыған дейін БҰҰ хабарлағандай, ағымдағы жылы шамамен 180 мың адам теңіз арқылы Еуропаға жетпек болған. Солардың шамамен 800-і жолда ажал құшты.