Ливияда 23 қазан мемлекеттік мейрам және демалыс күні болып жарияланды
АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Ливияда Көшпелі ұлттық кеңес жариялаған елдің Муамар Каддафи режимінен толығымен азат етілуі тойланды. 23 қазан енді мемлекеттік мейрам және демалыс күні болады, деп хабарлады Bnews.kz.
Жексенбі кешке Триполиде мыңдаған адам митингке жиналды. Қалада әлі күнге дейін судың жоқтығына, азық-түлік қорының шектеулі екеніне қарамастан, салтанатты шара жоғары деңгейде, тіпті отшашумен өтті. Жаңа билік Ливияда шариғат қағидаларын заңды тұрғыда бекітуге, сондай-ақ бұрынғы билік мойнына алған барлық халықаралық мiндеттемелерді орындауға уәде етті, деп хабарлайды Вести.ru.
Қаланың орталық көшелері мен алаңдары ұрандата айқайлап, жаңа биліктің белгісі болып табылатын қара-қызыл-жасыл түсті жалауды ерсілі-қарсылы бұлғаған көңілді адамдарға толды.