Ливияда бүлікшілер АҚШ елшілігін басып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүлікшілер Ливия астанасы Триполи қаласында орналасқан АҚШ елшілігі ғимаратын басып алғандығын жариялады, деп жазады Росбалт.
None
None

Fox телекомпаниясы таратқан хабарға қарағанда, шабуылды «Ливия таңы» лаңкестік тобы ұйымдастырған.

Куәгерлердің айтуынша, елшілік ғимаратының терезелері шағылған. Ғаламторда жарияланған бейнероликте ғимарат ішінде бет-ауызын тұмшалаған белгісіз біреулердің жүргендігі айқын көрінген.

Ливияда 2011 жылы Муаммар Каддафи режімі құлағаннан соң елдің үшінде түрлі қарулы топтар арасында қақтығыстар басталып, жаңа билік оларды тыя алмай қалды.

Биылғы шілдеде Триполиде ауыр артиллерия қолданылған қақтығыстар орын алғаннан кейін АҚШ сол елдегі елшілік қызметкерлерін түгелге дерлік қайтарып алған. Содан соң басқа елдер де бірінен соң бірі елшілерін кері қайтарған.

Соңғы жаңалықтар