Ливияда қаза болғандардың саны 600-ге жетті

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Тәртіпсіздіктер мен ливиялық оппозиционерлердің үкіметтік күштермен қақтығыстары нәтижесінде 600 адам қаза тауып, мыңдаған Ливия тұрғындары жараланды. Бұл деректерді 22 ақпанда Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот келтірді,

Ливияда қаза болғандардың саны 600-ге жетті

деп хабарлайды Лента.ру «Әл Арабияға» сілтеме жасай отырып.

Бұдан бұрын есімін атамаған оппозиция басшысы жорналшыларға 560 адамның қаза болғанын, 1400 адамның із-түзсіз жоғалып кеткенін айтты. 21 ақпанда Human Rights Watch өкілдері қаза болғандардың саны 360 болғанын хабарлады.