Ливияда кеме аударылып, 40 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливия жағалауында мигранттар мінген кеме суға батып кетті. Кем дегенде 40 адам ажал құшты, 51 адам құтқарылды. Бұл туралы осы елдің Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі хабарлады.
Кеме Триполиден шығысқа қарай Жерорта теңізінде апатқа ұшырады. Бұл апаттың нақты себептері жайында әзірге хабарланған жоқ. Атап өтейік, Ливияның Мальтаға және Италияға географиялық жақындығын пайдаланып, заңсыз мигранттар осы ел арқылы Еуропаға өтудің дәстүрлі бағдарына айналдырып алды.