Ливияда кіші-Каддафидің ісі бойынша сот отырысы басталды

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Биліктен қуылған және өлтірілген Ливия көшбасшысы Муамар Каддафидің екінші ұлы бейсенбі күні алғаш рет Ливия сотының алдында жауап берді, деп хабарлады Agence France-Presse.

Ливияда кіші-Каддафидің ісі бойынша сот отырысы басталды

Бірінші тыңдау полковниктің ұлы 2011 жылдың қараша айынан бастап түрмеде отырған - Зинтан қаласында жабық есік жағдайында өтті. 39 жастағы Сейф аль-Ислам «мемлекеттік қауіпсіздікті бұзды» деп айыпталуда.

Журналистер отырысқа жіберілмеді. Бейнеге түсіруге тек мемлекеттік Al-Watania телекомпаниясының қызметкерлеріне ғана рұқсат етілді.

Бұған дейін хабарланғандай, Халықаралық қылмыстық сот Сейф аль-Исламға адамгершілікке қарсы қылмыстар үшін кінә тағуда. Ұйым кіші-Каддафиді соттау үшін Гаагаға ауыстыруға тырысып-бағуда, себебі, Ливия соты объективті болмауы мүмкін.

Сейф аль-Ислам кінәлі деп танылса, ол өлім жазасына кесілу мүмкін.