Ливияда министрдің орынбасарын атып кетті

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Ливияда қаңтардың 11-нен 12-не қараған түні Өнеркәсіп министрлігі басшысының орынбасары Хассан әл-Друи өлтірілді.

Ливияда министрдің орынбасарын атып кетті

Бұл туралы Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады. Шенеунікті белгісіз біреулер Триполидің шығысындағы өзінің туған қаласы Сиртке бара жатқан жолда атып кетті.