Ливияда Муаммар Каддафидің ұлдарының ісі сотта қаралып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Триполиде 2011 жылы тақтан тайдырылған ливиялық көшбасшысы Муаммар Каддафидің ұлдары Сейф Ислам мен Саади Каддафиге қатысты сот ісі басталды.

Ливияда Муаммар Каддафидің ұлдарының ісі сотта қаралып жатыр

Сонымен қатар сот қарауына ливиялық барлаудың экс-басшысы Абдалла Сенусси, елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Абдель Аты Обейди және өзге де айып тағылып отырған ондаған адамдар тартылып отыр, деп хабарлайды жергілікті БАҚ. Сейф Ислам сот отырысында болмаған көрінеді. Бұдан бұрын оның бауыры Саадиді Ливияға Нигерия тапсырған болатын. Ол Ливиядағы азаматтық соғыс кезінде елдегі әскер құрамында қызметті болған уақытта ереуілшілер өліміне және өзге де қылмыстарға айыпты деп саналуда.