Ливияда содырлар дипломаттарды тұтқынға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливиядағы Тунистің консулдығына белгісіз біреулер шабуыл жасап, 10 бірдей дипломатты айдап әкетті, деп хабарлады www.24.kz.

Ливияда содырлар дипломаттарды тұтқынға алды

Әдетте тұтқындарды ақшаға немесе сыбайластарына айырбастайтын содырлардың әрекеті таңғалдырып жатыр. Себебі олар «Ливия таңы» атты бүлікші топ көсемінің не себепті ұсталғанын айтуды талап еткен. Олардың Валида Клиба есімді жақтасы осыдан бір ай бұрын Тунисте тұтқындалған болатын. Кейбір мәліметтер бойынша, жоғарыда аталған консулдық қызметкерлері жуық арада босатылуы тиіс.