Ливияда журналистер қаза табуда

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Үкімет әскері мен оппозиция арасында кескілескен ұрыс жүріп жатқан Ливияның Мисурата қаласында шетелдік журналистер минометтік атыстың астында қалды. Associated Press хабарлағандай екі тілші қаза болып, жараланғандар бар.
None
None

Қаза болғандардың арасында белгілі әскери фотосуретші Крис Хондрос пен кинематограф Тим Хетерингтон бар. Тим Хетерингтон он жыл бойы әр түрлі елдерде әскери қақтығыстарды киноға түсірген.

Алынған жарақатынан 41 жастағы американдық фотосуретші Крис Хондрос қаза тапты. Крис Хондрос Косово, Ирак пен Ауғанстанда жұмыс істеген еді.

Соңғы жаңалықтар