Ливиядағы әл-Зувайя тайпасының көсемі мұнай экспортына тосқауыл қоямын деп қыр көрсетті
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Ливияның шығыс бөлігінде өмір сүретін әл-Зувайя тайпасының көсемі егер «шерушілерге қысым жасау» тоқтатылмаса, мұнай экспортына тосқауыл қоямын деп билікке қыр көрсетті,
деп хабарлайды Al Jazeera телеарнасы.
Ливияда 15 ақпанда ресми түрде «төңкеріс көшбасшысы» деп аталатын, Муаммар Каддафиді тақтан тайдыру үшін бұқаралық шеру басталды. Жергілікті интернет-БАҚ дерегі бойынша, Бенгазы қаласындағы наразылықтың бiрiншi акциясына байланысты белгiлi құқық қорғаушы тұтқынға алынды.
М.Каддафи 1969 жылғы әскери төңкерістің нәтижесінде билікке келіп, елді 41 жыл басқарды.