Ливиядағы әскери операция қатысқан F16 жоюшы ұшағы қону кезінде апатқа ұшырады

ССЕЛЬ. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Ливиядағы «Бірлескен қорғаушы» әскери операциясына қатысқан Біріккен Араб Әмірліктері әскери-әуе күштерінің F16 жоюшы ұшағы апатқа ұшырады.

Ливиядағы  әскери операция қатысқан  F16 жоюшы ұшағы  қону кезінде апатқа  ұшырады

Оқиға сәрсенбі, 27 сәуір күні Сицилия аралындағы итальяндық Сигонелла әскери базасында орын алды - ұшақ жерге қону кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлады НАТО-ның баспасөз қызметі.

«Ұшқыш катапульта жасап, аман-есен жерге қонды. Италия полициясы оқиға орнын қоршауға алды және мән-жайын тексере бастады», - делінген Альянстың ресми хабарламасында.