Ливиядағы босқындар 1 миллионға жетуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның (ІОМ) өкілі Леонард Дойлдың айтуынша, Ливияда жүрген босқындар саны ресми жарияланған цифрлардан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Бұл туралы Анадолы хабарлайды.
Оның сөзіне қарағанда, елде жүрген босқындардың жалпы саны миллионға жетуі мүмкін.
ІОМ өкілі босқындардың өз еркімен оралуы жөніндегі бағдарлама аясында 2017 жылы Ливиядан 14 мың босқын өз еліне ұшақпен жеткізілгенін мәлімдеді.
Жыл соңына дейін тағы 15 мың адамды Ливиядан әкету жоспарланып отыр.